«Достық эстафетасы»

«Достық эстафетасы»
2 мамыр күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Жас геолог» және «Спорттық туризм» үйірме бірлестіктерінің педагогтары Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Достық эстафетасы» спорттық іс-шарасын өткізді.
Мерекелік эстафета «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ базасында өтті. Мекеме тәрбиеленушілері эстафетаға үлкен қызығушылықпен қатысып, туристік тораптармен танысуға, шатыр қоюды және тау компасын бағдарлауды үйренуге өте қуанышты болды.
Іс-шара спорттың, денсаулық пен жастықтың нағыз мерекесіне айналды. «Достық эстафетасына» қатыса отырып, балалар өздерін біртұтас команда ретінде сезінді.