«Балабақша- отбасы- мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы

«Балабақша- отбасы- мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы

№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайында  2022 жылдың 1 сәуір күні баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша, мектеп ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Балабақша – отбасы - мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі   ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып мұғалімі Раймканова Айгуль Раймкановна және ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ  0 сынып мұғалімі Кыргизова Гульназ Мауткановна 1 сыныпқа баратын балалардың білім беру ұйымына қабылдау құжаттарымен таныстырып, ата-аналар сауалдарына жауап берді. Балабақша медбикесі Асанова Т.Б «Балалардың денсаулығын нығайту» тақырыбында баяндама жасады.  Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері   Қазезова А.Б, Әділханова А.С. ағымдағы жылда оқу-тәрбие процесінде атқарылған жұмыстарға есеп берді.