
"Көшбасшы" желілік қоғамдастық жоспары негізінде Ахмер орта мектебінде мұғалімдердің кезекті семинары болып өтті. Семинар тақырыбы: "Тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың белсенді әдіс - тәсілдері". Бүгінгі күні тәрбие мәселесі ойлануды қажет ететін мәселелердің бірі. Осы тұрғыда сынып жетекшілер тәрбие жұмысында қолданып жүрген жаңашыл, тиімді әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты. Сынып жетекшілері шеберлік сыныптарында танымдық ойындар, жаңашыл стратегиялар арқылы педагогикалық шеберлік деңгейлері мен кәсіби құзыреттіліктерін танытты.
Қатысушылар шын көңілдерінен алғыстарын білдіріп, пайдалы мазмұнды, кәсіби, ақпараттық, қызықты бас қосу болғандығын айтты.