Қала мектептерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау барысы туралы

Қала мектептерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау барысы туралы

2022 жылғы 30 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинеті көктемгі демалыс кезеңіндегі іс - шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде онлайн режимінде «Қала мектептерін қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындау барысы туралы, 11-сынып оқушыларының білім олқылықтарын толтыру жөніндегі жоспарды іске асыру» атты вебинар өткізді. Семинар жұмысына Өскемен қаласының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

ҚӘК басшысы А.З.Нурпеисова ағымдағы оқу жылының 3-тоқсанының қорытындылары туралы ақпаратпен таныстырып, міндетті пәндер бойынша білім сапасына, 11-сынып түлектерінің сынақ тестілеу қорытындыларына толығырақ тоқталды.

Мектеп директорының орынбасарлары: Е.В.Калачева (Сағадат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ), А.С.Симбинова («№5 орта мектебі» КММ), К.К.Мункенова («№ 27 орта мектебі» КММ), Г.С.Тұрсынбаева («О. Бөкей атындағы № 44 лицей»).

Вебинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді.