"Көктемгі тамшы-2022" балалар-жасөспірімдер клубтарының VIII көктемгі фестивалі

"Көктемгі тамшы-2022" балалар-жасөспірімдер клубтарының VIII көктемгі фестивалі

2022 жылдың 25 наурызында "ARMAN" балалар-жасөспірімдер клубында "Көктемгі тамшы  - 2022" балалар-жасөспірімдер клубтарының көктемгі фестивалі өтті. Концерт бағдарламасы өте мазмұнды болды: би композицияларының премьералары, домбырада қазақ күйлері мен әдемі әндердің орындалуы, көрермендерге арналған музыкалық интерактив, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері. Концерт қатысушыларының керемет қойылымдары қонақтар мен ата-аналардың жағымды эмоциялары мен таңданысын тудырды. Сондай-ақ, Наndmade студиясында білім алушылардың балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды.  Іс-шара жоғары көңіл күйде өтті.