
Көктемгі демалыста 24 наурыз күні «ARTtrip» шығармашылық марафоны аясында «№ 2 жалпы білім беру мектебі» КММ базасында «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Материалдарды өңдеу технологиясы» бөлімінің педагогымен 0 сынып оқушылары үшін шеберлік сыныбы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту, балаларды бөлім жұмысының бағыттарымен таныстыру болып табылады.
«Көктемгі гүлдесте» жұмысы қағаздан жасалды. Шеберлік сыныбында оқушылар осы жұмысты жасау технологиясымен танысты. Жұмыс барысында оқушылар шаблондармен жұмыс істеуді, әдемі композицияларды мұқият жинауды үйренді. Барлық жұмыстар қызығушылықпен орындалды, әдемі қолөнер оқушыларды еліктірді.