Робототехника бойынша қалалық жарыстар

Робототехника бойынша қалалық жарыстар

2022 жылдың 26-27 наурыз күндері «Зерек» креативті білім беру орталығында Жас техниктер станциясында робототехника бойынша қалалық жарыстар өтті. Аталған жарыстарды Қазақстанның «КазРоботикс» спорттық және білім беру робототехникасы федерациясымен өзара тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК ұйымдастырды. Жарысқа қатысуға үйірмеде бірінші жыл айналысатын, сондай-ақ тәжірибелі робототехниктерден тұратын командалар шақырылды. Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізілді:

- «Профи сызығы бойынша жүру»

- «Кегельринг квадро»

- «Биатлон»

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мыналар:

 «Профи сызығы бойынша жүру» санатында

1 орын- Жанабаева Алима Нуржановна (ЖТС)

«Кегелиринг квадро» санатында

1 орын - Бейсенов Дәулет (Меновное  о.м)

 «Биатлон» санатында

1 орын - Сидорина Светлана (Меновное  о.м)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс және жаңа жеңістер тілейміз!