
Қала мектептерінің оқушыларына өз қабілеттерін дамытуға, сүйікті ісімен айналысуға көп мүмкіндіктер берілген. Жас техниктер станциясында жас шеберлердің — ғылым мен техниканың энтузиасттарының қызықты жұмысы қызу жүріп жатыр.
Сабақтарға бірнеше жыл қатысатын жас техниктер күрделі модельдер жасайды: олар техникалық есептеулерді біледі. Бұл жас техниктердің модельдері әдемі әрлеуімен және тапқырлығымен назар аудартады.
Балалар жылына арналған «Балалар. Техника. Шығармашылық» техникалық шығармашылық көрмесі жас техниктердің ауқымды, қызықты әрі алуан түрлі жұмысына куәлік етеді. 28-29 наурыз күндері көрмеге қала мектептерінің оқушылары, ЖТС оқушыларының ата-аналары қатысуда.
Техникалық көрмелер – әрқашан қызықты және біраз сиқырлы көрініс. Кіші көлемдегі автомобильдер, кемелер, ұшақтар – бәрі шынайы көрінетін сиқырлы қалаға енгендей боласың.