Білім бөлімінің жоспары бойынша 2022 жылғы 28 наурызда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№8 орта мектебі» КММ базасында қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчиковамен бірлесіп «Оқу мотивациясы төмен оқушылармен ЖҒО сабақтарында жұмыс істеудің тиімді тәсілдері» тақырыбында қалалық вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты-тәжірибе алмасу, «№8 орта мектеп» ЖҒО мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін тарату.
Іс-шараға қаланың 50-ден астам педагогтары қатысты.
Семинар аясында біздің мектептің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Физика мұғалімі А. А. Бугубаева – «Оқу мотивациясы төмен балаларға физика сабақтарында оқытудың әртүрлі формаларын қолдану мысалдары», география мұғалімі Н. Ю. Жабина-Федорова - «Оқу мотивациясы төмен оқушыларға география сабағында жұмыс жасаудың формалары, әдістері, тәсілдері», химия – биология мұғалімі Ю. Н. Мучкина – «Оқу мотивациясы төмен балаларға арналған химия және биология сабақтарында оқытудың белсенді түрлерін қолдану».
Семинардың екінші бөлімінде педагогтар «Kahoot» оқыту платформасында жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар соңында қатысушыларға осы санаттағы балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар берілді.
Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар спикерлер ұсынған материалдардың практикалық маңыздылығын, педагогтардың жұмысы үшін жоғары мотивациялық құндылығын атап өтті.