
ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 29 наурызы күні «Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінде оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту» тақырыбында қала мектептерінің жаратылыстану пәндері мұғалімдері үшін қалалық семинар-практикум өтті. Қаланың қазақ мектептерінің 30-дан астам география, химия, биология пән мұғалімдері қатысты. Семинар-практикумның мақсаты: № 49 жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің география, химия, биология пәндерінде оқушылардың практикалық дағдыларын дамытудың жұмыс жүйесімен таныстыру және өз іс-тәжірибелерімен бөлісу. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчикова өз сөзінде жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытудағы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытудың өзектілігі мен маңызын айтып өтті.
№49 жалпы білім беретін мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Смагулова мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда мұғалімдер сабақта және сабақтан тыс уақытта, мектепішілік үйірмелер, пәндік апталықтар барысында оқушылармен жүргізілген жұмыстардын айтты.
А.Б.Кайрканова өз іс-тәжірибесінде оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындау барысында практикалық дағдыларын дамытудың жолдары мен әдіс-тәсілдеріне, мектепішілік үйірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына да тоқталды. Н.Т.Окатаева сабақ барысында АКТ мүмкіндіктерін қолдану, оқушылардың практикалық дағдыларын дамытудың тиімді жолдарына тоқталды. Ж.Ж.Мәкенова биология сабағында АКТ мүмкіндіктерін және биология кабинетінің құралдарын тиімді қолдануды айттып өтті. Сондай-ақ мектеп басшысының ұйымдастыруымен жүргізіліп отырған гидропоника кабинетіндегі гидропоника (жасыл сарымсақ өсіру) және аэропоника(құлпынай өсіру) жұмыстарын жүргізуде оқушылардың аса жоғары қызығушылықпен практикалық тапсырмаларды орындайтындығын және оның өнімін мектеп асханасына тұтынуға беретіндігі