
30.03.2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп - гимназиясы» КММ базасында ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобының отырысы өткізілді.
9-11 сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының мазмұнын анықтау бойынша жұмыс тәжірибесінен «№12 мектеп - гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімі С.В. Клиновицкая, «Л.Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» КММ Н.Е.Киселева сөз алды.
Олар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес өткізілетін оқушыларды қорытынды аттестаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне жүйелі бақылау болып табылады, оған тестілеу нәтижелерін дайындау және өткізу, өңдеу және жүйелі талдау, кейіннен әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді.