
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 24.03.2022 жылы «Орыс тілінің лексикасы, синтаксисі мен пунктуациясының қиын мәселелерімен жұмыс істеу кезінде педагогтың құзыреттілігін арттыру құралы ретінде СББР-ын қолдану» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды және өткізілді. Аталған семинарда № 1 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Ксембаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері № 44 лицейден З.Ж.Калижарова, № 45 мектептен А.Д.Дәмежанова, № 6 мектептен А.Б.Кабдыракова сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл семинар қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің оқыту әдістемесі мен оқу пәнінің мазмұнын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша өткізілді. Сөз сөйлеушілер орыс тілінің лексикасы, синтаксисі мен пунктуациясының күрделі мәселелері бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.