
Көктемгі демалыс күндерінде, «№ 29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығы, балаларға, дәстүрлі түрде, Өскемен қаласы құтқарушыларының түрлі бөлімшелеріне қызықты және танымдық экскурсиялар ұйымдастырды.
№ 39 және 16 мектептердің «Жас құтқарушылар» сыныптарының балалары, «Апаттар медицинасы» орталығының қызметкерлерінде қонақта болып, осы бөлімше дәрігерлерінің жұмысымен танысты. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша, «Апаттар медицинасы» орталығы дәрігерлерінің шеберлік сабақтары, балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ұлдар мен қыздарға: тыныс алуды тоқтатқан жағдайда, есін жоғалтқан кездегі және сыну кезінде көмек қажет болса, қалай әрекет ету керектігі үйретілді.
№ 10, 19, 26, 36 мектептердің жас құтқарушылары Өскемен қаласының Жедел-құтқару жасағына барды. Оқушылар арнайы техникаға қарап, ТЖ кезінде әртүрлі жағдайларда қолданылатын арнайы жабдықтардың жұмысымен танысты. Кинологиялық қызметтің жұмысы, балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Кинологиялық қызметтің қызметкерлері қызметтік иттердің міндеттерімен, қалай жұмыс істеу керектігін, ТЖ (жер сілкінісі, үйінділер және т.б.) кезінде адамдарды іздеу кезінде қандай бұйрықтар беру керектігін көрсетіп түсіндіріді.
№ 4, 35, 37 мектептер оқушыларына Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөліміне бару арқылы және ШҚО ТЖД мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайда балалар өрт күзетінің тарихымен, заманауи өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндірушілердің ерліктерімен танысты. Өрт сөндіру бөлімінде балаларға жауынгерлік киімді жылдам кию бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Сондай-ақ өрт-техникалық қару-жарағын тамашалап және оны қалай қолдану керектігін көрді.
Мектеп демалысы күндері күн сайын өртте-қолданбалы спорт түрлері және құтқару көпсайысы бойынша спорт манежінде жаттығулар өткізілді.
Демалыс кезіндегі іс-шаралар қызықты және танымды өтті. Ең бастысы, өткізілген іс-шаралардың арқасында балалар ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы көп нәрсе білді. Іс-шараларға барлығы 180-нен астам адам қатысты.