«Ұлыстың қадам басты ұлы күні» тақырыбында қалалық шығарма байқауы

«Ұлыстың қадам басты ұлы күні» тақырыбында қалалық шығарма байқауы

17.03.2022 жылы   Наурыз мерекесі қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің «22 наурыз – Наурыз мейрамы» атты іс - шаралар жоспарына сәйкес  ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де қаланың қазақ тілінде білім беретін мектептері оқушылары арасында «Ұлыстың қадам басты ұлы күні» тақырыбында қалалық шығарма байқауы өтті. Байқауға Өскемен қаласы бойынша қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 9 – 11сынып оқушылары  қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушыларды Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыра отырып,   ұлттық  салт - дәстүрді,  ұлттық тәрбиені сіңіру, тіл  өнеріне  деген қызығушылықтарын арттыру.

         Ұйымдастырған іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі  -  Қалқаман Айымғазыұлы Сарин,  Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебінің директоры – Габдуллина Гульжазира Калдыхановна және ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері - Скакова Зульфира Сатыбалдиновна, қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

         Іс-шараның құрметті қонағы Қалқаман Айымғазыұлы оқушылармен сұхбаттасып, еліміздің болашағы жастардың қолында, сондықтан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, салт-дәстүрімізді берік сақтау, жастардың еншісінде екенін айтып өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілеп, қаламдары ұштала беруіне тілестестік білдірді.