Бастауыш мектеп - білім мен ғылымның бастауы

Бастауыш мектеп - білім мен ғылымның бастауы

2022 жылдың 28 наурызында ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп - білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинар мақсаты: бастауыш білім беру және тәрбиелеу жалпы негіздерін талқылау. Шарада 40-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Вебинар аясында қатысушылар бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру, бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру бойынша мәселелер қарастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби және тұлғалық өсуінің, бастауыш білім беру және тәрбиелеу дамыту бағыттардың мәселелері талқыланды.

Қорытындысында қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймагамбетовтың республикалық съезі бойынша қорытындылар жарияланды.