«Бәсекелес педагог» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті

«Бәсекелес педагог» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті

         18 наурыз 2022 жылы «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ қала мектептерінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері арасында «Бәсекелес педагог» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты - педагогтардың ғылыми - әдістемелік деңгейлерін анықтау және кәсіби, ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл, талантты мұғалімді анықтау. 

                Қала бойынша байқауға барлығы 10 мұғалім қатысып, Бас жүлдені «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  Б.А.Табиева жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

         Қатысқан мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберліктерін,  шығармашылықтарын, құзыреттіліктерін, жан - жақты көрсете білді.