Тарихқа тағзым күні

Тарихқа тағзым күні

№ 8 «Мирас»  балабақшасында 17 наурыз күні Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық апта аясында біздің балабақшада балаларға ұмытылмас қазақ халқының Тарих күні атап өтілді. Мерекелік бағдарлама дәстүрден тыс түрде өтті – әр топ өзі жеке ауылға айналды: Абай, Әйтеке би, Жамбыл, Біржан, Қасым Қайсенов, Бірлік ауылдары. Әдемі киіз үйлер, қазақтың ұлттық тағамдарына толы бай дастарқан балаларды қазақ халқының салт – дәстүрлерімен танысуға зор ықпалын тигізді.

Балалар Наурыз мерекесі туралы кқптеген қызықты ақпараттар алды, ән атты, би биледі, өлеңдер оқыды, «Тұсау кесу», «Шашу», «Қырқынан шығару», «Бесікке бөлеу» атты ұлттық салт – дәстүрлерді көрді. Балалар сонымен қатар «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Киіз үй» ұлттық ойындарын ойнап күш жинады. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін айтыста көрсете білді.