
17 наурызда 1 балалар музыка мектебі Өскемен қаласының тұрғындарын көктемгі жаңару Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтады. «Әз, Наурыз!» музыкалық композициясында оқушылар мен оқытушылар барлығына қазақтың әйгілі халық күйлері мен Қазақстан композиторларының шығармаларын орындай отырып, жақсылық пен келісім, көктемгі көңіл-күй тіледі.