
16 наурыз күні Ахмер орта мектебінде 8-сынып оқушылары арасында "Табиғатпен келісімде өмір сүру" атты экочас өтті. Іс-шара барысында балалар Қазақстанның гербарийлерімен, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарлар, минералдар мен тау жыныстарының коллекцияларымен танысты. Сондай-ақ, оқушылар назарына "Қазақстанның әдемі жерлері" бейнематериалы ұсынылды. Іс - шара соңында "Викторина"өтті.