
2022 жылдың 16 наурыз күні Меновное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қала мектептеріне «9-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындаудың тиімді жолдары» атты семинар - практикумын өткізді.
Семинарға қазақ және орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі пәнінің ұстаздары қатысты. Семинар - практикумда мектеп бітіруші түлектерді қорытынды аттестацияға дайындау, 9- 11 сынып оқушыларына эссе жазуды үйретудің тиімді жолдары туралы іс- тәжірибемен бөлісті. Семинардың қорытынды бөлімінде семинарға қатысып отырған қала мұғалімдеріне топтық жұмыс ұйымдастырылды. Ол жұмыста мұғалімдер эссенің құрылымы бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, эссе бөлімдеріне алгоритмдер дайындады. Эссеге дайындық жасауда өздерінің қолданылып жүрген әдіс - тәсілдерімен бөлісіп, толықтырулар жасады.
Семинар соңында ұстаздарға кері байланыс ретінде Googl форматта сұрақтар жіберілді, берілген сұраққа кері байланыс жасалынды.