«Наурыз мейрамы – 2022» және Қазақстандағы Балалар жылы аясында Тарих күніне арналған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» мультимедиялық тарихи жоба

«Наурыз мейрамы – 2022» және Қазақстандағы Балалар жылы аясында  Тарих күніне арналған «Қазақстан – Ұлы Дала Елі»  мультимедиялық тарихи жоба

2022 жылдың 17 наурызында, қазақ халқының Тарихы күнінде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі Согра шағын ауданының балаларына «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» мультимедиялық тарихи жобасын өткізді. Іс-шара «Arman» балалар-жасөспірімдер клубының базасында өтті. 50 бала мен жасөспірім қатысты. Білім алушыларға Қазақстан тарихы туралы бейнематериал ұсынылды. Балалардың шығармашылық ұжымдары жарқын концерттік нөмірлер дайындады. Мереке соңында балалар «Тартысу» қазақ ойынына үлкен ықыласпен қатысты.