
Кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі, сопраноның иегері Роза Бағланованың туғанына 100 жыл болды.
Роза Бағланова ұзақ та оқиғаларға толы ғұмыр кешті, аты аңызға айналған әнші 2011 жылы 89 жасында дүниеден өтті. Қайтыс болғанына 11 жыл өтсе де, Роза Тәжібайқызы әлі күнге дейін ел есінде, оны танымал еткен әндер.
Әнші ең жоғары және ең беделді мемлекеттік наградалармен марапатталған, оның талантын әр кезеңдегі еліміздің алғашқы тұлғалары мойындаған. Роза Бағланова Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі болды, 1996 жылы Қырғызстанның халық әртісі атағын алды.
«№ 12 мектеп-гимназиясы» КММ 6-сынып оқушылары Роза Бағланованың шығармашылығымен танысты.
Балалар Роза Бағланованың орындауындағы әндерді зор ықыласпен тыңдап, атақты әншінің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігіне, биік азаматтық ұстанымына, шығармашылық әлеуетіне тәнті болды.