
Наурыз - көктемнің шуақты мерекесі, жылдың бастауы. Өскемен қаласы бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы N39 орта мектебінде 16 наурыз күні "Наурыз - Бата" атты мерекелік іс - шара өтті. Шараның басты мақсаты: оқушыларға ұлттық салт - дәстүр түрлерін көрсетіп, дәріптеу.Бұл іс - шараға әр сыныптан ардақты ата - әжелер шақырылып, бата айту мен, шашу шашу дәстүрлері көрсетілді. Ұлттық нақышта, ерекше талғаммен безендірілген, мол дастарханда оқушылар мен ұстаздар қариялардың жылы тілегімен, ақ батасын алды.