
№8 «Мирас» балабақшасында Наурыз мерекесіне арналған іс – шараларды 16 наурыз күні «Шежіре күні» жалғастырды.
Жеті Атаны білу әр адамның міндеті. Осы салтты біздің балабақшаның тәрбиешілері ұстанады, әр балаға өз тегін білуге, өз халқының салт – дәстүрлері мен мәдениетін білуге, қарт адамдарға, туыстарына қамқор болуға, сыйлауға тәрбиелейді. Балалар қызығушылықпен отбасы ағашын жасап, өз отбасы мүшелері туралы мақтанышпен айтып өтті, барлығы бірге отырып бата жаттады.