2022 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауына Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамына Өскемен қаласының білім ұйымынан 6 оқушы қатысты. Олар «Экономикалық және әулеметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта - «Қазақстан - 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» және «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» атты 3 бағыт бойынша жобаларын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп - лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Еркежан Ақбанова («Экономика» секциясы) ие болды. ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдардың иегерлері болып «№ 34 мектеп - лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Илья Зубков («Адам және қоғам» секциясы), «№ 46 орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Әлия Ермекқызы («Химия» секциясы). Байқау жеңімпаздарына Шығыс Қазақстан университетінің гранттары да табыс етілді.
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жеңістер мен табыстар тілейміз!