«Шежіре күні»

«Шежіре күні»

2022 жылдың 16 наурызында «М.Әуезов атындағы №17 орта мектеп» КММ-де «Шежіре күні» - отбасы құндылықтары, ата-тегін тану күні» атты тақырыптық күн аясында іс-шара өтті. Бұл күні отбасының, халықтың, жеті ұрпақтың тарихы айтылып, таралады. Бұл күні кішілер үлкендерге құрмет көрсетіп, «Наурыз бата» батасын алады. Бұл – халықтың бірлігі, тату-тәтті өмір сүру, достық пен келісім, ілтипат пен бауырмалдықтың, ұзақ ғұмырдың, өнегелі жолға ұмтылудың шынайы көрінісі. Шара барысында ұстаздар оқушыларға бұл күннің тарихы мен дәстүрі туралы айтып берді, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. 7-сынып оқушылары өздерінің шежіресі туралы әңгімелеп, туыстарымен кездесудің сахналық рәсімін көрсетті. Шара көрермендердің қызығушылығын тудырып, тәрбиелік мәні зор болды. Наурыз мерекесін бірге тойлайық!