
15 наурыз – Жайлау күні. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. «Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ 10 «К» және 11 «К» сынып оқушылары арасында “Табиғат жеңді” тақырыбында ауызша журнал сайысы өтті. Оқушылар табиғатты аялауға, қорғауға арналған ауызша журнал парақтарын қорғады.