Наурыз мерекесіне және Қазақстандағы балар жылына арналған "Айналамыз керемет" атты CREATIVE челленджі туралы

Наурыз мерекесіне және Қазақстандағы балар жылына арналған  "Айналамыз керемет" атты  CREATIVE челленджі туралы

2022 жылдың 15-наурызы күні "Жігер" балалар жасөспірімдер клубтарының білім алушылары арасында Наурыз мерекесіне және Қазақстандағы балар жылына орай CREATIVE  челлендж ұйымдастырылды.

Челленджге Өскемен қаласының балалар жасөспірімдер клубтарының білім алушылары қатысты. Қатысқан білім алушылар саны 100-ге жетті.

Эко-шеберхана «Керемет бұйымдар» номинациясына білім алушылардың 23  жұмысы ұсынылды. Олар өз жұмыстарында табиғи материалдардан, ағаштан, матадан, қалдық материалдардан жасалған әр түрлі нақыштағы бұйымдарды ұсынды.

Арт - марафон «Біз табиғатқа доспыз» номинациясына білім алушылардың 19  жұмысы ұсынылды. Олар өз суреттерінде туған өлкеміздің табиғатын, аң-құстарын, табиғи құндылықтарды бейнелеген.

«Мен және менің өлкемнің табиғаты» номинациясы бойынша фотоколлаж челленджіне білім алушылардың 19 жұмысы ұсынылды. Олар өз фотосуреттерінде өлкеміздің табиғи құндылықтарын, табиғаттың сұлулығын көрсеткен.