«Армысың, әз Наурыз!» байқауы

«Армысың, әз Наурыз!» байқауы

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін балалардың бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында №3 «Балбөбек» балабақшасында көктем және жаңару мейрамын «Армысың, әз Наурыз!» байқауы ретінде атап өтті. Байқау аясында топтарды мерекеге сай безендіріп, ұлттық киім мен ұлттық тағам презентациясын, ұлттық салт-дәстүр қойылымын ұсынды. Балалар ән салды, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Байқау балаларды, балабақша қызметкерлерін және ата-аналарды біріктірді.