
Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады.
14 наурыз күні Ахмер орта мектебінде де Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар бастау алды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары Көрісу Күнінде ән салып, бір-бірлеріне тілек айтып, барлығы бірдей «Қара жорға» биін билеп, қазақы дәстүр бойынша шашу шашылды.