Flashmobschool өткізу туралы

Flashmobschool өткізу туралы

Наурыз мерекесіне және Қазақстандағы Балалар жылын мерекелеу аясында Защита шағын ауданында 2022 жылғы 14 наурызда сәлемдесу күніне арналған мәдени-бұқаралық іс-шара өтті. Мерекелік бағдарламаға «Локомотив» балалар-жасөспірімдер клубының білім алушылары және № 22 орта мектептің оқушылары қатысты. Балалар Наурыз мерекесінің тарихынан қызықты деректерді білді, би флешмобына қатысты, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Барлығы 160 бала мен жасөспірім қатысты.