
Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 3-5 наурыз аралығында Өскемен қ. облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.
Жарысқа 2004 жылы туған және одан кіші оқушылар, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз 33 оқушысы қатысты.
Команда құрамы: 3 ұл, 3 қыз.
Жекелей есепте жүлделі орынға ие болғандар:
Ұлдар арасында:
1 орын – Оралханов Ернур, 9 сынып оқушысы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы;
2 орын – Оралханов Арнур, 9 сынып оқушысы, ««№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Қыздар арасында:
1 орын – Кальтенбергер София, 7 сынып оқушысы, «№7 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Жалпы командалық есепте ұлдар және қыздар арасында Өскемен қаласының құрама командасы жүлделі 1 орындарды жеңіп алды.
Біздің құрама команданы жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!