
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 14 наурызда "Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№6 "Куншуақ" балабақша-бөбекжайы КМҚК-да достарымен, туыстарымен кездесу күнін білдіретін "Көрісу күні" атап өтілді. Бұл күні тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері бір-бірін, ата-аналарды көктемнің, жаңа жылдың басталуымен құттықтады. Жыл берекелі, табысты, бейбіт болсын деп шын жүректен тілек білдірді, сондай-ақ үлкендерге құрмет, балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты білдірді.