Математика, физика және информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Математика, физика және информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 23 ақпанында «Математика, физика және информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында  мұғалімдерге арналған қалалық семинар өтті.  Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерден 50%-ден астам математика, физика және информатика мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру  ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану бойынша ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика, физика және информатика мұғалімдерінің жұмыс жүйесімен қала мұғалімдерін таныстыру.
Өз сөзінде ММК басшысы Нұрпейісова А.З. математикалық,  жаратылыстану  және ақпараттық сауаттылықты дамытудың өзектілігін атап өтті.
№ 49 жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. А. Смагулова «Функционалдық сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» туралы теориялық мәлімет жасады.

Математика пәні мұғалімі С. М. Калибаева «Математика сабағында СТО технологиясын тиімді қолдану арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру тәсілдері»,  информатика пәні мұғалімі А.М.Жомартова  «Информатика сабағында СТО технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту»,  педагог-сарапшы физика пәні мұғалімі А.Д.Рахымжанова «Физика сабақтарында СТО технологиясын қолданып оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары» іс-тәжірибесімен алмасты.

Мұғалімдерге сабақты өткізудің әртүрлі формалары мен әдістері, оқушылармен кері байланыс орнатудың, білім беру платформаларын пайдалануы ұсынылды.
Қатысушы мұғалімдер семинар туралы, оның өзектілігі мен мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың маңыздылығы туралы бірауыздан пікірлерін білдірді.