
Дүниежүзілік кітап сыйлау күні (International book Giving Day) 14 ақпанда атап өтіледі. Бұл мереке оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын, балаларға кітап сыйлайтын және барлық адамдарды біріктіруге арналған, 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кез - келген адам кітапханаларға, мектептерге, балалар мекемелеріне кітаптар ала алады. Сіз өз атыңызды htpp//bookgivingday.com сайтында халықаралық кітап сыйлау күнін атап өтетін адамдардың тізіміне енгізіп, оны әртүрлі елдерде қалай атап өтетінін және жаңа идеялардан шабыт ала аласыз.
2022 жылғы 8-14 ақпан аралығында Өскемен қаласының мектептерінде «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» акциясы өтті, оған 1 - 11 сынып оқушылары мен олардың ата - аналары, педагогтар, мектеп түлектері қатысты. Мектеп кітапханаларына 980 дана ғылыми - көпшілік, анықтамалық, көркем және балалар әдебиеті, оның ішінде 92 дана жаңа кітаптар сыйға тартылды. № 38 гимназияның түлегі Светлана Березина мектеп кітапханасының қорына 30 кітап сыйлады.
Акцияға 108 педагог және оқушылардың ата-аналары қатысты. Олар 156 кітап сыйға тартты. № 9, 11, 20, 38, 42 мектептер ерекше белсенділік танытты.
Акцияға қатысушылар оқырмандарға қандай да бір кітапты оқу не үшін қажет екендігі туралы кеңес беріп, өздерінің жақсы тілектерін жазды. Мектеп кітапханаларында сыйға тартылған кітаптардың ашық көрсетілімдері ұйымдастырылды.