Қар барысы

Қар барысы

Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының «№3  кешкі мектебі» КММ –де география пәні апталығы аясында жануарларды және өсімдіктерді, қоршаған ортаны қорғауға арналған іс – шаралар өткізілді. Қатон – Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Ғабдулина Әлия Ұланбекқызы шақырылып, қар барысы туралы сөз қозғады. №3  кешкі мектептің оқушылары мектеп аумағынан шықпай, Қатон – Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркін аралап  шықты. Саяхат өте қызықты және есте қаларлық болды. Біз еліміздегі мысық тұқымдасының ең ірі өкілі, әдемі, айбынды жануар – қар барысымен таныстық. Қазақстан халқының көпшілігі, өкінішке орай, барыстың бар екенін және оның жойылу себептерін білмейді. Осындай іс – шараларды өткізу ұлттық саябақтың биоформациясын сақтауға және көбейтуге, сондай –ақ өңіріміздің тұрғындарына өздерінің шыққан тегіне, шағын Отанына деген жауапкершілік пен құрмет сезімін оятады деп сенеміз.