
23-25 ақпан аралығында Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХХ ерлер, VIII әйелдер және VI жасөспірімдер қысқы чемпионаты өтті. Жарысқа 13 жасөспірімдер командасы қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю. В. Ильин қатысты.
Шығыс Қазақстанның ұлдар мен қыздар командасын «Жас құтқарушы» орталығының «Өрт сөндіру-құтқару спорты» секциясының тәрбиеленушілері көрсетті, олар осы оқушылар: Никита №26 мектеп, Скуратов Арсений № 12 мектеп, Колмаков Глеб № 7 мектеп, Каримов Ратмир №19 мектеп, Коршак Виктор мектеп Прапорщиково а., Авилов Эльдар №30 мектеп, Ренатулы Дамир №29 мектеп, Рублев Александр №2 мектеп, Афанасьев Алексей №17 мектеп, Серов Аркадий мектеп №17, , Красовский Дмитрий №17 мектеп, яшкина Анастасия №4 мектеп, клибенко Мария щкола №4.
Бірінші күні спортшылар өрт мұнарасына шабуыл жасады. Алғашқы минуттардан бастап спортшылар арасында үлкен күрес басталды. Жарыс өте өткір бәсекеде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО жастары жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жеке есепте Арсений Скуратов пен Эльдар Авилов жарыстың осы кезеңінің қола жүлдегерлері атанды.
Жарыстың екінші күнінде спортшыларға 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту керек болды. Осы күрделі этап бойынша біздің жас спортшылар да жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бірінші орынға Виктор Коршак, екінші орынға Эльдар Авилов, үшінші орынға Скуратов Арсений ие болды.
Осылайша, ШҚО жасөспірімдер командасының және басқа қатысушыларының алған жүлделі орындары мен жақсы нәтижелері шешуші болып, біздің командамызға жалпыкомандалық 1 орын алуға мүмкіндік берді.
Өрт сөндіру-құтқару спорты рухты, күшті, шыдамдылық пен күш жігерді тәрбиелейді. Соңғы уақытта осы өртте-құтқару спортының дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Осының арқасында жыл сайын спортты сүйетін жастар өрт сөндіру-құтқару спортының секцияларына келіп, тәрбиеленіп жатқан балалар саны өсуде.