
«Ән – халықтың жаны»- осындай атпен №40 «Вишня» балабақшасының музыка жетекшісі Лысенко Наталья Александровна «Непоседы» мектепалды даярлық тобында ойын-сауық өткізді.
Ән адамның туған күнінен бастап оның қуанышында да, қайғысында да қасында болған. Адам не істесе де, оған әрқашан ән көмектескен.
Сабақ барысында балалар бесік жырын, «Қайыңды» дөңгелек биін, матрешка ойыншықтарынан частушкалар тыңдады, орыс халық аспаптары туралы жұмбақтарды тапты, «Балалайка», «Орал орамжапырақ» музыкалық ойындарын ойнады.
Вокалдық топ, орыстың халық әні «Во кузнеце» мен балаларға арналған «Ғажайып ән» әнін бар ынтамен орындады.
«Ән – халықтың жаны» атты ойын-сауық баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.