
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мен өмір сүретін әлем» атты балалар суреттерінің байқау - фестивалін ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты - жас суретшілерге шығармашылық қабілеттерін өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік беру, таланттарды анықтау, отбасы мен білім беру мекемесінің ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу, өмірге құндылық қатынасын қалыптастыру, оқушыларды қазіргі әлемнің жағымсыз құбылыстарынан алшақтату. Байқаудың тақырыбы өзекті.
Балалардың шығармашылығы баланың ішкі әлеміне енуге ғана емес, сонымен бірге олардың шындықты қабылдауы туралы білуге мүмкіндік береді. Білім бөлімінің әдіскері А.Д.Нугумарованың басшылығымен білікті кәсіби қазылар алқасының өкілдері ұсынылған жұмыстарды қарап, үздік суреттердің авторларын анықтады.