
2022 жылдың 02 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК «Aqjol» балалар-жасөспірімдер клубының базасында (жұмыс істеп тұрған қозғалыс жас инспекторларының қалалық штабы-Қазақстан Республикасындағы жалғыз) «Жолда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өскелең ұрпақтың табысты болашағының сенімді кепілі» тақырыбында Балалар жылына арналған Халықаралық веб-форум сәтті өтті.
Форумда ТМД елдері қатысты:
Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы,
Қазақстан Республикасы, Қостонай қаласы,
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,
Беларус Республикасы, Минск қаласы,
Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы,
Ресей Федерациясы, Новосібір қаласы.
ЖҚИ қозғалысына қатысатын әр түрлі мемлекеттердің балалары мен жасөспірімдері кездесті.
Қатысқан 300 адам.
Балалар өз отрядтарының жұмыс тәжірибесі туралы айтып, үгіт-насихат бейнероликтерін көрсетті, «балалар-балаларға» ашық микрофон алаңы жұмыс істеді. Веб-форумға қатысушылар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.