«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілік

«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілік

Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін  8-Наурыз Аналар мерекесіне арналған  №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайында 2,3 наурыз күндері «Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілік  өтті.  Жүректерінде жылулық ұялаған бүлдіршіндер аналары мен әжелеріне арнаған тақпақтар, әндер және әдемі билерін тарту етті. Аналар мерекесінде балабақшаның ұжымы барлық аналарды төл мерекесімен құттыктап, ұзақ ғұмыр, бақыт пен шаттыққа толы өмір тілейді!