«Оқу ісінің меңгерушісі - 2022»

«Оқу ісінің меңгерушісі - 2022»

2022 жылдың 3 наурызында  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Оқу ісінің меңгерушісі - 2022» қалалық байқауының ІІ кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп директорлары орынбасарларының және мектепке дейінгі мекемелердің әдістемелік қызмет жетекшілерінің кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру.

Шараның аясында директорлардың орынбасарлары шебер сынып арқылы өз кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әділқазы алқасының мүшелері қатысушылардың педагогикалық шеберліктерін бақылап отырды.