Құтқарушылар Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні аясында LEGO-құрастыру балалар байқауының қорытындысын шығарды

Құтқарушылар Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні аясында LEGO-құрастыру балалар байқауының қорытындысын шығарды

Бір ай бойы балалар Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ШҚО ТЖД құтқарушылары жариялаған "Қауіпсіз үй" балалар байқауы тақырыбына қиялдады. Қатысушылардың міндеті өрт, дауыл, жер сілкінісі, су тасқыны сияқты төтенше оқиғалардан қорғалатын үй жобасын құру болды. Қазылар алқасына облыстың әр ауданы мен қалаларынан 55 жоба ұсынылды, авторлар өз шығармашылығын бейнетаспаға жазып, жолдады.

"Қауіпсіздік үйлері" өте қызықты және есте қаларлықтай болды: жер сілкінісі мен су тасқынынан қорғауға қабілетті арнайы қадаларға салынған, тұрғын бөлмелері заманауи қорғаныс жүйелерімен, түтін датчиктерімен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған, компьютермен басқарылатын және серіппелер мен қауіпсіздік жастықтарында орналасқан.

 "Байқаудың мақсаты - қатысушыларға ТЖ және азаматтық қорғау саласында өздерінің шығармашылық қабілеттерін, дағдылары мен білімдерін дамыту және көрсету", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов. Қазылар алқасына  жеңімпаздарды таңдау өте қиынға соқты, себебі әрбір жоба назар аударуға лайық болды.

Қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Ерназар Аймұхамбет Өскемен қаласы №47 мектебінің оқушысы және Керім Смайылов, Өскемен қаласы № 38 мектеп-гимназиясының оқушысы

2 орын - София Трунина, Өскемен қаласы №27 мектебінің оқушысы, Илья Бухряков, Өскемен қаласы №34 мектебінің оқушысы

3 орын - Иоанн Рычагов, Өскемен қ. №38 мектеп-гимназиясының оқушысы, Диляра Сағынтаева-Өскемен қаласы №26 мектебінің оқушысы.

 Дәл осы балалар құтқарушылардың пікірінше, тәжірибеде қолдануға болатын болашақ жобаларын жасады.

Сондай-ақ, құтқарушылар облыс орталығының Меновное мектебінен Найля Серікбайдың жұмысын «Ең ақылды қауіпсіз үй» номинациясымен атап өтті және Риддер қаласынан келген оқушы Михаил Свенторжицкийдің өз жобасын «Өзгеше ұсыну» номинациясын  иеленді, ол ШҚО ТЖД құтқарушылары бұрын ойлап тапқан акцияны жалғастырып және өз үйін ТЖ-дан ғана емес, "зомбилердің"келуінен де қорғауды ұсынды.