
03.03. 2022 жылы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері З.С.Скакова қаланың білім беру ұйымдарының ӘК жетекшілерінің қатысуымен «Тілдерге байланысты нормативті - құқықтық құжаттар» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты - әдістемелік қызмет барысында тілдерге байланысты нормативті - құқықтық құжаттарды дұрыс қолдануға көмек көрсету.
Әдіскер өзінің сөз кезегінде «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен оның 4, 7, 8, 10, 17, 21, 23 баптарына нақты тоқталып, оның мазмұнымен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында «Тіл саясатын жүзеге асыруды дамытудың 2020 – 2025 жылдара арналған мемлекеттік бағдарламасына да тоқталып өтті.
Семинар соңында кері байланыс жасалып, ӘК жетекшілерінің сұрақтарына жауап берілді.