Спорттық робототехника бойынша «Skills for Geeks» қалалық чемпионаты

Спорттық робототехника бойынша «Skills for Geeks» қалалық чемпионаты

2022 жылдың 23 - 25 ақпан аралығында № 48 орта мектеп базасында «Smart Еducation - Өскемен 2022» ІТ форумы аясында спорттық робототехникадан «Skills for Geeks» қалалық чемпионаты өткізілді.

            Қала мектептерінің 5 - 11 сыныптарының 200 - ден астам оқушысы «Кегельринг», «Желі бойынша жарыс», «Робосумо», «Танк биатлоны», т.б. аталымдары бойынша жеңімпаз атану үшін күресті.

            Чемпионат қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте  орындар келесідей бөлінді:

10+ жас санаты бойынша:

            1 орын - № 46  орта мектебінің командасы,

            2 орын - № 33 орта мектебінің командасы,

            3 орын - Меновной орта мектебі, № 45 орта мектебінің командалары жеңіп алды.

14+ жас санаты бойынша:

            1 орын - Меновной орта мектебінің командасы

            2 орын -№ 46  орта мектебінің командасы,

            3 орын - № 45 орта мектебінің командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз!