Ерлік сабағы өткізілді

Ерлік сабағы  өткізілді

9 ақпанда «№5 орта мектеп» КММ-де 8 сынып оқушыларының қатысуымен  Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан мектеп түлегі Е.А.Ивановты еске алуға арналған дәстүрлі шара – Ерлік сабағы  өткізілді. Сабаққа интернационалист жауынгерлер,  Е.А. Ивановтың қарулас достары  Олег Геннадьевич Фролов пен Александр Долгов шақырылды.

Бұл кездесу – ХХ ғасырдың сұрапыл соғысында қаһармандық көрсетіп, ерлікпен қаза тапқандарды еске алу құрметіне арналып отыр. 9 ақпан – Е.А. Ивановтың туған күні. Көзі тірі болса, жерлесіміз Евгений Иванов 57 жасқа толар еді. Ғұмыры қамшының сабындай қысқа болмағанда, бәлкім, қазіргі уақытта оның ұрпақтары арамызда жүрер еді...

Ауған соғысы 9 жыл 10 айға созылды. 1989 жылдың 15 ақпанында, Ұлы Отан соғысынан да бетер, екі есе ұзақ уақытқа созылған соғыс аяқталды.

Жан беріп, жан алысқан шайқастар аяқталғанымен, оның жарасы мен тарихы мәңгі жадымызда қалары сөзсіз. Бұл соғыстың тарихы – қаза болған сарбаздардың қаны мен олардың аналарының көз жасында.Ауған соғысының оты шарпыған ұрпақ есімі ерекше құрметке ие болды.

Жас ұрпақ интернационалист-жауынгерлермен болған кездесуден ұмытылмас әсер алары сөзсіз.