Жаратылыстану ғылыми цикл пәндері бойынша күрделілігі жоғары есептерді шешу

Жаратылыстану ғылыми цикл пәндері бойынша күрделілігі жоғары есептерді шешу

2022 жылдың 9 ақпанында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылыми цикл пәндері бойынша күрделілігі жоғары есептерді шешу» атты тәжірибелік бағдарлы семинар өтті.Семинарға қала мектептерінің география,химия және биология пәндерінің 30 мұғалімдері қатысты. Өскемен қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчикова құттықтау сөз сөйледі. Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі оқу ісі меңгерушісі Калимолдина Г.К жаратылыстану-математика бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қорытынды жасады. Химия пәні мұғалімі Жетписова Р.А., география пәні мұғалімі Зейнолдина Г.К.,биология пәні мұғалімдері Узбекова Г.М.,Тогтомурат Ж.,Бөленбаева М.Т. өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.