«Үштік қайда және қалай жоғалып кетті?» атты қалалық семинар

«Үштік қайда және қалай жоғалып кетті?» атты  қалалық семинар

2022 жылдың 2 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «№ 9 орта мектебі» КММ   «Үштік қайда және қалай жоғалып кетті?» атты  қалалық семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов әдістемесі мен жаңартылған білім мазмұнын ұштастыра отырып, оқушыларға сапалы білім беру мәселесін көтерді.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, әдістері, технологиялары туралы практик - мұғалімдер өз іс - тәжірибесімен бөлісті.

Орта мектеп ұстаздарының біліктілігі мен тәжірибесін арттыруда мұндай семинарлардың  пайдасы орасан зор, өйткені болашақ ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында.