«Педагог-психолог-кәсіби бағдар беруші» қалалық байқауы

«Педагог-психолог-кәсіби бағдар беруші» қалалық байқауы

Қалалық білім бөлімі «Бейінді мектеп» КММ базасында «Педагог-психолог-кәсіби бағдар беруші» қалалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты мектеп педагог - психологтарының кәсіби бағдар беру жұмысында инновациялық тәсілдерді енгізумен іс - шараларды өткізу тәжірибесін жалпылау және танымал ету, дарынды педагог - психологтарды анықтау болып табылады.

Байқауға қатысушылар оқушыларға арналған кәсіптік бағдарлау іс -шараларының оның идеясын бейнелейтін аннотация және бейнеролик түрінде рәсімделген үзінділерін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша педагог - психологтардың үздік жұмыстары белгіленді:  К.Д.Колнурова (№ 3 мл), А.К.Рамазанова (№ 27 ом), Р.А.Бадисолтанова (№ 16 ом), А.С.Боровикова,  А. Д. Зейнолдина (№ 37 ом).