Химия және география мұғалімдеріне арналған практикалық семинар

Химия және география мұғалімдеріне арналған практикалық семинар

2022 жылдың 9 ақпанында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Химия, география пәндері бойынша күрделілігі жоғары есептерді шешу» атты тәжірибелік-бағдарлы семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің химия және география пәндерінің 50 мұғалімі қатысты. Өскемен қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова құттықтау сөз сөйлеп, No38 гимназия ұстаздары Усикова А.А., Свиридова Т.А өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.